Өлкемізге қажетті мамандықтар

2026 жылы 17 қараша күні «Привольная орта мектебі» КММ 9-сынып оқушыларымен «Өлкемізге қажетті мамандықтар» тақырыбында кәсіптік бағдар беру бағытындағы ақпараттық әңгіме өткізілді.
Кездесу барысында оқушылар Солтүстік Қазақстан облысында сұранысқа ие мамандықтармен танысып, олардың өңірдің, әсіресе ауылдық жерлердің дамуына қосатын үлесі мен маңызын талқылады. Әңгіме барысында мамандардың негізгі міндеттері, кәсіптік білім алу мүмкіндіктері және туған өлкеде жұмысқа орналасу перспективалары қарастырылды.
Іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыруға, еңбек нарығының қажеттіліктерін түсінуге және өз болашағын туған өлкесімен байланыстыра жоспарлауға бағытталды
